Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

«Бұл жеңісіңіз отандастарыңыздың Сізге және Қытайдың саяси-экономикалық іргесін нығайтуға, азаматтарының әл-ауқатын еселеуге және халықаралық сахнадағы беделін арттыруға бағытталған дана да көреген саясатыңызға көрсеткен кең қолдауының айғағы екені сөзсіз. Сіздің басшылығыңызбен еліңіз бүгіннен де биік белестерге жете беруіне шынайы тілектестігімді білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.