Сонымен қатар Президентке қазіргі уақытта сенаторлардың қарауында қаңтар оқиғасына қатысқан кейбір азаматтарға рақымшылық жасау туралы заң жобасы мен үш жылға арналған республикалық бюджет жобасы жатқаны жөнінде мәлімет берілді. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының өңірлерді одан әрі дамытуға бағытталған тапсырмаларының іске асырылуын қамтамасыз ету – Палата жұмысының негізгі басымдықтарының бірі.

Кездесу барысында Президент Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің идеялары мен қорытынды құжатын одан әрі ілгерілету және форумды дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу жөнінде тапсырма берді.