Кездесу барысында Бас хатшы Қазақстан мен БҰҰ арасындағы жаһандық күн тәртібіндегі барлық өзекті мәселелер бойынша ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. А.Гутерриш Қазақстанның жаһандық қарусыздану, дінаралық диалогты ілгерілету, Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру және теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдердің мүдделерін қамтамасыз етудегі көшбасшылығымен танымал БҰҰ-ның сенімді серіктесі ретіндегі рөлін ерекше атап өтті. Сондай-ақ ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды жоғары бағалады.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы практикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің маңыздылығын растады.