Қ.Омаровтың БҰҰ ЕҚБ-ның Орталық Азиядағы өңірлік өкілі Ашита Митталмен өткізген консультация барысында ауған есірткі қаупіне қарсы іс-қимыл, шекараны нығайту, түрмелердегі радикализацияға жол бермеу, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған мүлік пен кірістерді қайтару салаларындағы ынтымақтастықтың басымдықтары талқыланды. Сұхбаттастардың пікірінше, БҰҰ ЕҚБ-ның Орталық Азиядағы техникалық жәрдем бағдарламалары өңірдегі мемлекеттердің  қауіпсіздік және әлеуметтік-экономикалық салаларындағы ұлттық басымдықтарына сәйкес практикалық нәтижелерге қол жеткізуге бағытталуы тиіс.

ОАӨАҮО директорының м.а. Атагельды Язлыевпен болған кездесу аясында өңірдегі есірткі трафигінің қазіргі үрдістері және орталықтың соңғы 15 жылда өткізген есірткіге қарсы операциялары және талдамалық зерттеулерінің нәтижелеріне негізделген әрі қарай дамыту жолдары талқыланды. Кездесудің қорытындысы бойынша ОАӨАҮО мен оның халықаралық серіктестері арасындағы ынтымақтастықты БҰҰ-ның Есірткі заттар комиссиясы және басқа да алаңдар шеңберінде күшейтуді одан әрі үйлестіру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Орталық Азия елдерінің есірткінің заңсыз айналымы, қылмыс және басқа да трансұлттық тәуекелдер және қатерлерге қарсы күрес салаларындағы әлеуетін арттыру мақсатында әзірленген 2022-2025 жылдарға арналған БҰҰ ЕҚБ-ның Орталық Азия үшін бағдарламасы шеңберіндегі Басқарушы комитеттің отырысында сөз сөйледі. Қ.Омаров Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан өкілдерін жақында өткен БҰҰ күні және БҰҰ-ға мүшеліктерінің 30 жылдығымен құттықтай отырып, «Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту - Қазақстанның да, басқа Орталық Азия елдерінің де сыртқы саясатының басымдығы. Біз бұл өңірдегі БҰҰ ЕҚБ-ның белсенді әрі жасампаз рөлін құптаймыз және оның Орталық Азияға арналған бағдарламасын іске асыруды толық қолдаймыз», - деп атап өтті.