Биыл 9 айда 1851 тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде 288 млрд теңгеге жуық қаржылық бұзушылықтар анықталды. Олардың 10 млрд теңгеге жуығы бюджетке өтелді, шамамен 29 млрд теңгеге тауарлар жеткізіліп, қызметтер көрсетіліп, жұмыстар орындалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасы Ержан Мыңжасаров хабарлады.
Сондай-ақ 233 млрд астам теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша кемшіліктер өз қалпына сәйкестендірілді.
«Аудит объектілеріне 1638 ұсыныс беріліп олардың 70% көбі орындалды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес 6901 материал бойынша іс қозғалды, 605 млн теңгеден астам айыппұл салынды, бүгінгі күнге оның 587 млн теңгесі немесе 97% бюджетке төленді. Тәртіптік жауапкершілікке 1 595 кінәлі адам тартылды. 150-ге жуық материал құқық қорғау органдарына жібердік. Оның ішінде бүгінгі күнге 80 материал бойынша қылмыстық істер қозғалды», - деді спикер.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!