Комитет тексеру объектілерін тек тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы ғана анықтамайды. Сонымен қатар, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау арқылы тексеруді қамтамасыз етеді. Бұл ретте спикер комитет азаматтардың өтініштерін қарастыруда мемлекеттік аудит жүйесіндегі жалғыз мемлекеттік орган болып табылатынын атап өтті. 

«Жыл басынан бері әртүрлі салалардан барлығы 30 мыңға дейін өтініш келіп түсті. Оның ішінде 22 мыңнан астамы – мемлекеттік сатып алу рәсіміне байланысты жүгінген заңды тұлғалар. Қалған жеке тұлғалардан келіп түскен 5 мыңнан астам өтінішті қарастырып әрқайсысына жауап берілді, арасында ұжымдық өтініштер де болды. Өтініштердің көбісі әлеуметтік, құрылыс, білім беру, көлік, және медицина саласындағы бюджеттік ақшаны жұмсау мәселелеріне қатысты. Өтініштердің басым бөлігі қанағаттандырылды», - деді комитет төрағасы.