Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алуды жариялау сатысынан бастап, қорытынды шыққанға дейін тәуекелге ие және шағым түскен сатып алуларды іс жүзінде толық қамтуға мүмкіндік берді.


«Камералдық бақылаудың мақсаты - бұзушылықтардың уақытылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттік аудит объектісіне бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және әкімшілік жүктемені азайту. Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жалпы сомасы 10 трлн теңгеге жуық мемлекеттік сатып алудың 475 мыңнан астам рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды. 32 мыңға жуық рәсімде бұзушылықтар анықталды. Жіберілген хабарламаның 30 мыңға жуығы орындалды. Комитет хабарламаларды уақытылы орындамағаны үшін қабылданған шаралармен шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы 83 өкім шығарды. Бүгінгі таңда олардың 69-ы алынып тасталды», - деді спикер.