Оның сөзінше, камералдық бақылау нәтижелерінің сапасын бақылау қорытындыларын орындаудың міндетті тәртібі белгіленді, ол бұған дейін ұсынымдық сипатта болған.

«Электрондық депозитарий - жұмыс тәжірибесін растайтын барлық құжаттардың электрондық базасы енгізілді. Рәсімдерді оңайлату мақсатында рейтингтік-балдық жүйені қолдана отырып, конкурс түрінде сатып алудың жаңа тәсілі көзделген. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заңның жобасы әзірленуде, онда ең төменгі бағадан сапаның басымдылығы көзделген. Осы жұмысқа қатысудамыз. Мемлекет басшысының мемлекеттік аудит нәтижесіне шағым түсірудің барлық мүмкіндігі қарастырылмайынша, қылмыстық іс қозғауға жол бермейтін механизмді енгізу туралы тапсырмасын орындау мақсатында Комитет пен құқық қорғау органдарының арасында тек тапсырмаларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда ғана мемлекеттік аудит материалдарын беру жөніндегі өзара іс-қимылы туралы регламент бекітілді. Осы тетікті күшейту мақсатында ішкі аудит жүргізу қағидасына тиісті норма енгізілді», - деді Мыңжасаров.