Кеңес барысында Ұлттық экономика министрлігі бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеуге талдау жүргізгені туралы баяндады. Монополиялық және олигополиялық нарықтарды қоспағанда, бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеуден кезең-кезеңімен бас тарту тәсілдері талқыланды.

Қорытындылай келе, Ерұлан Жамаубаев Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп осы бағыттағы жұмысты жеделдетуді тапсырды.