Кездесуде тұрғындар электр энергиясының құнына шағымданды. Олардың айтуынша, шағын аудандағы жеке үйдің электр энергиясына тариф 1 кВт үшін 27-ден 35 теңгеге дейін құрайды.

Өз кезегінде Ә.Қуантыров қазіргі таңда шағын аудан аумағында жаңа қосалқы станция құрылысы жүргізіліп жатқанын атап өтті. Пайдалануға берілгеннен кейін электр энергиясының құны қала бойынша орташа 18 теңгеге дейін төмендетіледі.

Сонымен қатар, тұрғындар шағын ауданды газдандыру мәселесін көтерді. Абай ауданы әкімдігінің өкілдерінің айтуынша, газ құбырларын жүргізу жұмыстары тұрғын үйлердің құрылысы бітіп, пайдалануға берілгеннен кейін келесі жылдың соңына дейін аяқталады. Үйлері дайын тұрғындардың 40% - ы газды ағымдағы жылы алады.

Кездесуге қатысушылар бизнесті қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шараларына да қызығушылық танытты. ҰЭМ басшысы азаматтар қызметтердің толық спектрін «Атамекен» ҰКП және «Даму» Қорының өңірлік өкілдігінен ала алатынын атап өтті. Кеңес алудан басқа, болашақ кәсіпкерлер менторлардың көмегіне, жеңілдікті қаржыландыру және Даму желісі бойынша қарызға кепілдік беру қызметтеріне сүйене алады.

Сапары аясында министр халықаралық әуежайдың жаңа терминалының құрылысымен танысты. Бүгінгі таңда ғимараттың қаңқасын салу, қаптау және шатыр жұмыстары аяқталды, жабдықтардың көп бөлігі әкелінді. Жаңа терминал бір уақытта сағатына 3000 адамға қызмет көрсете алады.

Сондай-ақ, ведомство басшысы «Стандарт» жеке индустриялық аймағының құрылыс алаңында болды. Ол жерде экологиялық мәселелерді шешу мақсатында қорғасын күл үйіндісін қайта өңдеу зауыты салынуда.

Индустриялық аймақтың құрылысы 2022-2024 жж. мерзімі аралығында 3 кезеңде жоспарланған, инвесторлардың ақпараты бойынша өндірістік үй – жайлардың жалпы ауданы 2024 жылға қарай 176 мың шаршы метрді, ал инвестициялар көлемі-17,5 млрд.теңгені құрайды.

Сонымен қатар, ҰЭМ басшысы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағына жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды аралады.

Бүгінгі таңда аталған айсақта құрылымына құны 130,4 млрд. теңге құрайтын 53 жоба кіреді, олар 6,2 мыңға жуық жұмыс орнын қамтамасыз етуді көздейді.

Сонымен қатар, 2022-2024 жылдары қолданыстағы жобаларды кеңейтуді ескере отырып, жалпы сомасы 77,2 млрд.теңгеге 22 жобаны іске қосу және 3,9 мың жұмыс орнын құру күтілуде.