Іс-шара Қазақстанды тай туристері үшін Орталық Азияның жетекші туристік бағыттарының бірі ретінде танымал етуге бағытталған.

Қазақстан Елшісі Арман Исетов құттықтау сөз сөйлеп, вебинарға қатысушыларды Қазақстанның өткен кезеңдегі туризм саласындағы жалпы көрсеткіштері мен жетістіктері туралы хабарлады.

Сонымен қатар, «Kazakh Tourism» АҚ жылжыту департаментінің директоры Шырын Мусина Қазақстан туристік секторының әлеуеті туралы презентацияны көрсетті.

Вебинарға Астанадағы EXPO-2017 көрмесінде тай павильонын құрастырған «Creative Village» компаниясының негізін қалаушы Криенграй Канчанапокин, Таиландтың әйгілі актрисасы, «Thong Entertainment» компаниясының продюсері және басқарушы директоры Анна Тонгпрасом және тай туристік компанияларының өкілдері қатысып, Қазақстанға бару және болу тәжірибесімен бөлісті.