Маркада екі елдің тулары бейнеленіп, достықтың 30 жылдығы жазу жазылған. Сол жақта мерейтойлық жылдар – 1992-2022 көрсетілген. Пошта маркалары елшіліктің күнделікті хат-хабарларында, сондай-ақ кәдесый өнімдері ретінде қолданылады. Марканың дизайнын жасау кезінде филателия принциптері мен Мажарстан поштасының стандарттары ескерілді.

Естелік марканың алғашқы даналары 2022 жылғы 26 қазанда болған Республика күніне орай салтанатты қабылдау барысында Қаржы министрі, екіжақты өзара іс-қимылдың үш мемлекетаралық құрылымының – Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия, Парламенттік достық тобы және Мажарстанның стратегиялық кеңесінің тең төрағасы Михай Варгаға және Мемлекеттік жиналысының депутаты, «Мажарстан қыпшақтары одағының» төрағасы Шандор Ковачқа табысталды.

Маркалар ғылым мен мәдениет өкілдеріне, қоғам қайраткерлеріне, сондай-ақ жергілікті филателиялық коллекция жинаушыларға да беріледі.

1992 жылы Мажарстан Қазақстанның тәуелсіздігін таныған алғашқы он мемлекеттің бірі болды. 1993 жылы екі елдің астаналарында екі мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктері ашылды, ал Будапешттегі Қазақстанның Елшілігі Орталық және Шығыс Еуропадағы алғашқы шетелдік мекемесі болғанын айта кету керек.

Қазақстан мен Мажарстан екі ел халықтарының игілігі үшін стратегиялық әріптестігі бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақтылық мүдделеріне сай одан әрі нығая түсетініне сенім білдіреді.