«Жол берілген бұзушылықтар үшін келесі зертханалар мен сертификаттау органдарында 6 айға, 4 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылды, алайда олардың бір бөлігі заңды құқығын пайдаланып осы шешімдерді сотта дауласып жатыр. Мысалы, Петропавл қаласында «Петроэкспертиза» ЖШС автокөлік құралдарын қайта жабдықтау кезінде сынақ жүргізбей 50 құжат бергені үшін аккредиттеу аттестаты 6 айға тоқтатылды.  «Полисертико» ЖШС осындай бұзушылықтар - таңбалау бойынша бұзушылықтар, СЭС тамақ өнімдеріне декларацияның күші жойылды. Сондай-ақ оларға 2,4 млн теңгеге айыппұл салынды.

Бұдан басқа, бұзушылықтар үшін сарапшы-аудиторлардың аттестаттары тоқтатылды, бұл сынақтарды толық өткізбей құжаттарды беру, сондай-ақ көлік құралдары конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктерді бұза отырып беру. 1,1 млн теңге сомасына әкімшілік айыппұлдар салынды», - деді спикер.