Шахтинск  қаласында (Қарағанды облысы)Ленин атындағы шахтадағы  («АрселорМиттал Теміртау» АҚ )болған оқиғаның нәтижесінде зардап шеккен 4 шахта жұмысшысы Орталық қалалық ауруханаға жеткізілді. Алдын ала диагноз – метанмен улану.

Зардап шеккендердің екеуі Қарағанды қаласындағы  Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың токсикологиялық бөлімшесіне ауыстырылды. Уланудан басқа әртүрлі дәрежедегі жарақат алған тағы екі адам Шахтинск қаласында жатыр.

Консилиум өткізу үшін құрамында екі нейрохирург және екі реаниматолог, мамандары бар санавиация бригадасы Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға келді.

Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету мәселелерін бақылауда ұстайды, дәрігерлер кеншілердің өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.