«Көптеген компаниялар, жеке кәсіпкерлер мен мамандар өз қызметін өндірілетін және әкелінетін тауарлардың қауіпсіздігі қағидаттарын сақтау және стандарттау жөніндегі техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін өнім айналымына жол бермеу негізінде жүзеге асырады. Қазақстанның бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия шартының негізінде бекітілген «Сұр» сертификаттармен күресу шаралары қабылданды. Осы іс әрекет Еуразиялық экономикалық комиссияның өнімге қойылатын міндетті бағалау бөлігінде оптимизацияны көздейді. Қабылданған құжат Еуразиялық экономикалық одақ актілерін іске асыруды  көздейді. Мұндай тәсілдер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің сертификатталатын Өнімді сынау (зерттеу) хаттамаларымен жедел алмасу үшін іс-шаралар жоспарын іске асыруды және Өнімді сынау хаттамаларының бірыңғай тізілімін құруды қамтиды. Жедел ақпарат алу үшін Еуразиялық экономикалық одақ мүше елдерден хаттаманы 1 немесе 2 күн бұрын растауға мүмкіндік береді. Бұл «сұр» сертификаттарды тез анықтауға және ел нарығына ықтимал қауіпті тауарларды жібермеуге мүмкіндік береді», - деді спикер.


Оның айтуынша, Қазақстанда сәйкестікті бағалауды жүргізу үшін барлық жағдайлар жасалған. Өнімнің қауіпсіздігі мақсатында оның сәйкестігін растау рәсімдерінің заңдылығын оптимизация негізінде өткізілетін іс-шаралар қазақстандық кәсіпкерлердің басқа елдерде «сұр» сертификаттарды алу жолдарын шектеуге мүмкіндік береді.