Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапованың айтуынша, кез келген басқа вирустық инфекция (ЖРВИ, аденовирустық инфекция және басқалар) кезінде әдетте катаральдық белгілер басым болады, яғни мұрыннан су ағып, тамақ ауырады, содан кейін осы катаральдық белгілермен бірге температура пайда болады.
«Аурудың алдын алу үшін мынадай профилактика шараларын сақтауды ұсынамын: адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық бөлмелерге баруды шектеу; бөлмелерді желдету, антисептикалық құралдарды пайдаланып, дезинфекциялық режимді күшейту; қолды өңдеу үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық сулықтарды пайдалану; науқас адамдармен байланысты шектеу, оларды оқшаулау; ауырғандардың 80%-ы балалар екенін ескере отырып, тұмау мен ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдырып, ұйымдасқан ұжымдарға (мектепке дейінгі ұйымдарға, мектептерге) жібермеу керек», - деп кеңес берді сарапшы.
Ең бастысы, медициналық көмекке уақытылы жүгіну керек.