«Қазір пандемия кезеңінде барлық дерлік білім беру ұйымдарында бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің талаптарына сәйкес онлайн режимде оқыту мүмкіндігі қарастырылғандықтан бір инкубациялық кезеңде бір сыныптағы балалардың 20-30% ЖРВИ ауырған жағдайда - кабинеттік оқыту жүйесіне көшіп, балаларды басқа сыныптарға кіргізбеу ұсынылады. Егер сыныпта бір инкубациялық кезеңде 30% немесе одан артық бала ауырса, бұл жағдайда оқыту онлайн форматқа ауыстырылады», - деп жауап берді сарапшы.