Форумда ТМД кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықтың заманауи сын-қатерлері жағдайындағы өзара іс-әрекет  мәселелері қарастырылды.

Ғизат Нұрдәулетов әріптестерін Қазақстанның өңірлік қауіпсіздіктің негізгі бағыттары бойынша ұстанымы жайында хабардар етті. Атап айтқанда, ол ашық және сындарлы саяси-дипломатиялық диалог кез келген дағдарыстан шығудың тиімді әрі  оңтайлы жалғыз жолы екенін жеткізді.

Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы өз баяндамасында ТМД-ның оңтүстік шекараларындағы  қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ауғанстандағы жағдайды тезірек реттеу қажеттігіне назар аударды.

Іс-шара аясында Ғизат Нұрдәулетов  Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Николай Патрушевпен екіжақты кездесу өткізді. Кездесу нәтижесінде екі елдің Қауіпсіздік кеңесінің аппараттары арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.