ҚР Премьер-Министрінің орынбасары  – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев әлеуметтік кәсіпкерлік мәселесіне қатысты жиын  өткізді.

Жиынға барлық облыс пен Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ерік Сұлтанов, сондай-ақ мүдделі министрліктер қатысты.

Жиында әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелері, сондай-ақ осы институтты дамыту және одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы саласындағы азық-түлік өнімдерін өткізу шығындарын субсидиялау мәселесі қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары әкімдіктерге, атап айтқанда, жаңадан құрылған өңірлерге әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау шараларын қабылдауды қамтамасыз етуді және жұмысты жандандыруды тапсырды.