Оның айтуынша, саяси партияларды тіркеу үшін бірқатар талаптар қойылады.  

«20 мыңнан 5 мың мүшеге дейін, саяси партиялардың өңірлік өкілдіктерінің ең аз санына қойылатын талаптар 600-ден 200 адамға дейін, саяси партия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең аз санына қатысты талаптар 1 мыңнан 700 адамға дейін төмендетілді. Сондай-ақ мұнда саяси партия құру жөніндегі құрылтай съезін өткізу мерзімін 2 айдан 3 айға дейін ұлғайту бойынша түзетулер көзделген. Бұдан бөлек, Жерге, оның қойнауына, суларына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне, басқа да табиғи ресурстарға қатысты халық меншігін белгілеу бөлігінде Конституцияның 6-бабына қабылданған түзетулерге ұқсас нақтылайтын түзетулер енгізілді», - деді спикер. 


Сондай-ақ судьялық лауазымдарға конкурстық рәсімдерді онлайн-трансляциялауды енгізуге, норма шығару процесін жеңілдетуге және нормаларды реттеу деңгейлерін нақтылауға, мәслихат төрағасы лауазымын енгізуге бағытталған жекелеген түзетулер енгізілді. Жалпы, заң жобаларын қабылдау жүргізіліп жатқан саяси реформалардың сапалы іске асырылуын қамтамасыз етеді.