Күдікті ретінде 1 612 адам танылды, оның ішінде 787 адам жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін. 


«Ұсталғандардың арасында 41 ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері, 126 адам адам өлтіру, ұрлық, тонау және қарақшылық жасағаны үшін соттылығы бар. Барлық шабуылдар жасау мен оларға қатысушы адамдар бойынша олардың аталған қылмыстарға қатыстылығы жөнінде дәлелдемелер бар. Тергеу сатысында 344 адамға қатысты 296 қылмыстық іс бар. Олардың ішінде қамауда – 136, үйқамақта – 7, ешқайда кетпеу туралы қолхатта – 144 адам, кепілде – 17, жеке кепілгерлік – 2 және қамауға байланысты емес өзге де бұлтартпау шаралары. Қамауға алынғандардың арасында 46 тыйым салынған экстремистік ағымдардың мүшелері бар. Барлық қамауға алынғандарға қорғалу құқығы, санитарлық нормалар, тамақтану, дәрі-дәрмек және ұстаудың тиісті жағдайлары қамтамасыз етілуде», - деді спикер. 


Жеке мәліметтерін, денсаулық жағдайын және сипаттайтын факторларды ескеріп, 284 адамның қамауға алынуы ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепіл, үйқамаққа және жеке кепілгерлікке ауыстырылды.