Оның айтуынша, тек арнайы прокурорлардың істерімен 40 мыңнан астам тергеу әрекеттері жүргізілген. 


«Барлық істер бойынша 3 мыңнан астам сараптамалар жүргізілді. 1 249 адамға қатысты 552 іс сотқа жолданып, 1 113 азамат сотталды, оның ішінде 423 жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін. Мемлекет басшысының ауырлататын мән-жайлар болмағанда жазаны жеңілдету бойынша тапсырмасын орындау мақсатында прокурорлар соттарды бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларды тағайындауға бағыттауда. Бас бостандығынан айыруға тек 122 адам сотталды, бас бостандығынан шектеуге – 521, шартты жаза – 419, қоғамдық жұмыстарға – 7, айыппұл – 6 және 14-і ақталмайтын негіздермен тоқтатылған. Сонымен қатар процестік келісім институты кеңінен қолданылуда. Ол сотталушы кінәсін мойындаған және жазаның түрі мен мөлшерімен келіскен жағдайда істердің 10 күн ішінде қаралуына мүмкіндік береді. 


Өткен мерзімде прокурорлармен 431 күдіктілермен кінәні мойындау туралы келісім жасалды», - деді полковник.