«Алматы қаласы, Қызылорда және Алматы облыстарының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Департаменттерінің экс-басшылары, Алматы облысы Полиция департаменті мен Алматы қаласы әуежайының желілік полиция бөлімінің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысу рәсімі жүргізілуде. Қазіргі уақытта бұрынғы Қорғаныс министрі Бектановты айыптау туралы қылмыстық іс сотта қаралуда. Алматы және Талдықорған қалаларында тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану фактілерімен 8 полиция органының қызметкерлеріне қатысты екі қылмыстық іс сотқа жолданды», - деді спикер.

 
Барлығы 29 құқық қорғау және арнаулы органдардың қызметкерлері күдікті ретінде танылды. Оның 8-і сотта, 20-ы бойынша іс материалдарымен таныстыру жүргізілуде және біреуі бойынша тергеу жалғасуда.