«Атап көрсеткенде, Алматы облысында Полиция Департаменті ғимаратынан 53 автомат, 367 тапанша, 1 гранатомет, сондай-ақ 23 мыңнан астам патрондар ұрланды. Жамбыл облысында 200 автомат, 148 тапанша, 11 гранатомет, бір пулемет және 40 мыңға жуық патрон. Резиденцияда қиратулардан кейін 130 дана қару мен оқ-дәрілердің жетіспеушілігі анықталды, оның ішінде 80 граната, 17 тапанша, 11 автомат, 21 гранатомет және снайпер мылтығы. Аталған қарулар қылмыскерлермен кейіннен бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты қолданылды. Зардап шеккендер мен олардың отбасына материалдық көмек көрсетіп жатқан «Қазақстан Халқына» Қоғамдық қорының оңды рөлі туралы атап өткім келеді. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар тарапынан, оның ішінде кәсіпкерлерге көмек көрсетілуде», - деді спикер.