«Жалпы полиция тергеушілермен 45 мыңға жуық тергеу амалдары жүргізілді. Оның ішінде 16 мыңнан аса азаматтардан жауап алынды, 3 мыңнан аса сараптама қорытындылары алынды. 350 млн тенге шамасында бағаланатын ұрланған мүлік тәркіленді. 1125 қылмыстық іс өндіріспен аяқталды, оның ішінде (509 іс ақтайтын негіздер бойынша), 620 айыпталушыға қатысты істер  сот қарауына жолданды. Бүгінгі күнде 579 адам сотталды, оның ішінде 462 адамға қатысты бас бостандығынан айыру емес жазалары тағайындалған. Ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 117 адам бас бостандығынан айыруға сотталды. Одан басқа, тараптардың татуласуына байланысты соттар 14 адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатты», - деді генерал.