«Бүгінгі таңға қабылданған шұғыл-профилактикалық кешенді іс-шаралар барысында 3 364 дана қару және 55 мыңнан аса оқ-дәрілер алынған.  Оның ішінде 934 дана қару «қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған.  Тек соңғы айда заңсыз қару айналымынан қосымша 645 дана қару алынған, оның көбісінің нөмірлері өшіп кеткен. Криминалистикалық зерттеудің қорытындысы бойынша олардың 20 данасы «қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған қарулар.  


Осы жылдың қазан айының соңында Алматы қаласының полиция қызметкерлерімен «қаңтар оқиғасы» кезінде қару сататын дүкендерді тонауға қатысқан 6 күдікті құрықталған. Қаскөйлер қарулардың бір бөлігін сатып, бір бөлігін тығып үлгерген. Жасыру орындары қаланың адам жүрмейтін және әр-түрлі жерлеріне жасақталған. Қарудан бөлек оптикалық көздеу және басқа да аңшылық құралдары табылды», - деді спикер мысал келтіре отырып.  

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер қару-жарақ қоймаларын анықтауды және залалсыздандыру жұмыстарын жалғастырып келеді. 
Бұл ретте генерал 1,5 мың дана қаруды өз еріктерімен тапсырған азаматтарымыздың жоғары азаматтық жауапкершіліктерін атап өтті.  
Өкінішке орай, қазіргі таңда «қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған 2026 дана қарудың қай жерде екені белгісіз. Қаруларды табуға бағытталған жұмыстар жалғасуда.