Отырысқа орталық мемлекеттік органдар мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілдері қатысты. 

Жиын барысында ұлттық жобаларды әзірлеу кезіндегі критерийлер, мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындау, талдау нәтижелері, оның ішінде зерделенген халықаралық тәжірибелер мен ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша ашық халықаралық конкурстарды өткізу мәселесі талқыланды. 

Сонымен қатар жиынға қатысушылар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қызметін қайта форматтау тәсілдерін қарады. 

Жиын соңында Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдар мен ұйымдарға бірқатар тиісті тапсырма берді.