Кездесуде қатысушылар «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» қабылданған Конституциялық Заң аясында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және оның өкілдіктерінің қызметіне байланысты мәселелерді, оның ішінде жергілікті деңгейдегі қызметті, қаңтар оқиғаларының салдарын және 2022 жылғы 2 қарашадағы «Рақымшылық туралы» Заң міндеттерін пробация шаралары бөлігінде рақымшылық қолданылатын адамдарға қатысты, уәкілді заңнамалық қызметке тарту перспективаларын және азаматтық сектормен өзара іс-қимыл талқыланды.

Кездесуге қатысушылар адам құқықтары мен қауіпсіздік саласындағы стандарттарды енгізу бойынша ынтымақтастық пен өзара тәжірибе алмасудың ықтимал бағыттары туралы пікір алмасты.