Мемлекет басшысының Жарлығымен 2022 жыл Балалар жылы болып жарияланды. Бекітілген іс-шаралар жоспарына мәдениет саласы бойынша бірқатар жоба енгізілді. Соның ішінде «Оқушының мәдени нормативі» және «Ұлағатты ұрпақ» республикалық жобалары.

«Балалар жылы аясында ел кітапханалары балалар әдебиетіне үлкен көңіл бөлді. Осы уақыт ішінде көпшілік кітапханалар 40 мыңнан астам іс-шара өткізді. Олардың көбі онлайн форматта іске асырылды. «Әжемнің ертегісі» онлайн жобасын ерекше атауға болады.  «Дана бала» жобасы аясында «Балалар әдебиеті» веб-сайтының мазмұны қазақстандық авторлардың кітаптарымен үнемі толықтырылып отырады. Бүгінгі күні электрондық кітапханада 5 мыңнан астам кітап бар. Сонымен қатар жыл басынан республикалық және аймақтық театрлармен 8 мыңнан астам қойылым көрсетілді. Оның ішінде 7,5 мыңы балаларға арналған, 590 - қуыршақ қойылымдары. Биыл балалар спектакльдерінің 54 премьерасы өтті», - деді спикер.