ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша МСМ КСРО халық әртісі, халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына орай 40 астам шара өткізілді.  

«Атап айтқанда, Қызылорда мен Алматы қалаларында Р.Бағланованың ескерткіші орнатылды, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымына, Есіл ауданындағы көшеге және Астана қаласындағы №2 Балалар музыка мектебіне Роза Бағланованың есімі берілді. Сондай-ақ мерейтойлық монета, кітап-альбом шығарылды. Қызылорда мен Алматы қалаларында концерт ұйымдастырылды. Сонымен қатар Астана қаласында биыл 1 наурызда Роза Бағланованың 100 жылдық мерейойын мерекелеудің ресми рәсімі және өнер шеберлерінің концерті өтті. Р.Бағланованың мерейтойы шетелде де кеңінен аталып өтілуде. Мәселен, 2022 жылдың 13 қыркүйегінде Мәскеу халықаралық музыка үйінде әншінің құрметіне мерейтойлық концерт және 4 қазанда Париждегі ЮНЕСКО Штаб-пәтерінде мерейтойлық концерт болды. Сондай-ақ 1-3 желтоқсанда Астана қаласында Роза Бағланова атындағы Халықаралық вокалдық конкурс өткізіледі», - деді спикер.