Жылдың маңызды оқиғаларның бірі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойын атап өту. Мерекелеу аясында 85-тен астам іс-шара өткізу жоспарланып, оның 70-ке жуығы іске асырылды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Роза Кәрібжанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.
«Атап айтқанда, мерейтойдың бірыңғай символикасы бар брендбугы әзірленіп, мерейтойдың пошталық маркасы мен монетасы басып шығарылды. 27 сәуірде іс-шараларды ресми бастау салтанаты Семейде өтті. Салтанатты концерт, ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды», - деді спикер
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!