«Бұл сыйлық Қазақстанның шығармашылық ұжымдарына және жекелеген өнер қайраткерлеріне елеулі шығармашылық табыстары мен кәсіби жетістіктері үшін табысталады. 4 номинацияда 19 сыйлық тағайындалды: «Театр өнері», «Хореография өнері», «Музыкалық-орындаушылық өнер», «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер» және Қазақстандағы Балалар жылына орайластырылған «Үздік балалар спектаклі үшін» Umai ұлттық сыйлығының арнайы жүлдесі беріледі. Сыйлыққа Қазақстан Республикасының азаматтары, шығармашылық ұжымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары, сондай-ақ қызметтері инновациялық болып табылатын және Қазақстанның мәдениеті мен өнерін дамытуға үлес қосқан үміткерлер қатыса алады. 

Номинанттардың өтінімдері 7 желтоқсанға дейін қабылданады», - деді спикер. 


Umai Сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты 23 желтоқсанда «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында өтеді.