Іс-шараға ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қатысты. Панельдік сессия аясында ҰЭМ басшысы қазіргі геосаяси жағдайда ел экономикасының дамуына қатысты бірқатар сұрақтарға жауап беріп, әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылу барысы туралы айтты.

Сондай-ақ, министр инвестициялық ахуалды жақсарту және инвесторларды қолдау құралдарын жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға жеке тоқталды. Осы бағыттағы оң динамика EY компаниясы Euromoney және fDI Market Intelligence-пен бірлесіп жүргізген зерттеу нәтижелерінде атап өтілді.

Сауалнамаға әлемнің түкпір-түкпірінен 116 шетелдік инвесторлар қатысты. Олардың ішінде айналымы 1,5 млрд еуродан асатын 33 компания және айналымы 1,5 млрд еуродан төмен 83 компания бар.

Шетелдік сарапшылардың айтуынша, бүгінде Қазақстан өңірдегі инвестициялар үшін ең танымал елдердің біріне айналды. Сауалнамаға қатысқан инвесторлардың үштен екісінен астамы ҚР-да өз қызметін жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, шетелдік бизнес тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды. Олардың қатарында қолайлы нормативтік ортаны және экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз ету, цифрлық экономиканы дамыту, сондай-ақ салық салудың әділ және ашық тәсіліне жәрдемдесу.