Оның ішінде 1 288 қыз және 1 172 ұл, 364 бала көп ұрықты жүктіліктен туылды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс – қимыл уақыты» атты халыққа Жолдауында Үкіметке 2021 жылдан бастап ЭКҰ-ға квоталарды 7 есеге ұлғайта отырып іске қосуды тапсырған болатын, оған республикалық бюджеттен 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Мемлекет басшысының Жолдауын сапалы іске асыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар іс-шаралар өткізді: жетекші мамандандырылған мамандар мен денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар арасынан Сараптамалық кеңес құрылды; «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы бекітілді, оны іске асыру шеңберінде КРТ бойынша нормативтік-құқықтық актілер қайта қаралды; өңірлер бөлінісінде бедеулігі бар пациенттердің (әйелдер мен ерлер) тізімдері өзектендірілді; ұрпақты болу жасындағы әйелдер мен ерлердің санын ескере отырып, өңірлер бойынша 7000 ЭКҰ циклі бөлінді; Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) медициналық ұйымдар бөлінісінде ЭКҰ қызметтерінің көлемін орналастырды.

МӘМС жүйесінде ЭКҰ өткізу бойынша қызметтерді бүгінде 19 клиника ұсынады (оның 3-і мемлекеттік, 16-сы жеке медициналық ұйымдар).