Бітімгерлік дайындық орталығының бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің құрылу тарихы мен атқаратын қызметінің басты бағыттары туралы айтып берді.

Дипломаттар одан басқа оқу бағдарламаларымен, соның ішінде БҰҰ-ның бітімгерлік миссиялары шеңберінде тілдерді қарқынды даярлау және бейбіт тұрғындарды қорғау курстарымен танысты.

Кездесу барысында тараптар бітімгерлік қызметтегі гендерлік аспектілерді талқылады. Канада – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Әйелдер. Әлем. Қауіпсіздік» 1325 Резолюциясын белсенді қозғаған ел.  Биылғы жылдың маусым айында Канада Елшілігінің қолдауымен Астана мен Нью-Йорктегі «БҰҰ – әйелдер» құрылымымен бірлесіп, осы тақырып төңірегінде курс өткізілді.