«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен халықтың осал топтары егіледі, оның ішінде медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша егу жүргізіледі. Қазан айының басынан бастап халыққа тұмауға қарсы вакцинация жүргізілуде. Республика бойынша тұмауға қарсы 2 136,5 адам немесе жалпы республика халқының 11,3%-ы егілді, оның ішінде жергілікті бюджет қаражатынан 2 054 мың адам; жұмыс берушілер есебінен 51 650 адам; ақылы негізде 30 700 адам екпе салдырды. Вакцинация алғандар арасында 14 жасқа дейінгі балалар – 468 579 (22%), ересек адамдар – 78% құрайды», - деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары.


Вакцинациядан кейінгі асқынулар тіркелген жоқ.