«AVIA Solutions Group» холдингінің директорлар кеңесінің мүшесі Вигаудас Ушацкас ҚР Азаматтық авиация академиясы мен «AVIA Solutions Group» көп сервистік авиациялық холдингі арасында оқу орталығын құруды ұсынды. Сондай-ақ, тараптар Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің (EASA) ұшқыштарды даярлау жөніндегі сертификатын алуға Азаматтық авиация академиясын дайындау мәселелерін талқылады.

«ICAO мен EASA заманауи талаптары бойынша білікті ұшқыштарды даярлау жоғары оқу орындары үшін басты міндет саналады. Заманауи әуе тренажерларында дағдыларды жетілдіру олардың дайындығын жақсартады. Азаматтық авиация академиясына жетекшілік ететін министрлік ретінде біз AVIA Solutions Group ұсыныстарын қолдаймыз», – деп атап өтті министр.

Avia Solution Group – бүкіл әлем бойынша 100-ге жуық кеңселері мен өндіріс орындары бар жаһандық аэроғарыштық компания.