«Форумға дайындық ретінде өңірлерде облыс әкімдіктері тарапынан іріктеу жұмыстары жүргізіледі. Әрбір облыстан 10 әйел қатысады, оның ішінде дәрігер, мұғалім, кәсіпкер, ауыл шаруашылығымен айналысатын қызметкер, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері де бар. Сонымен қатар биыл 20 әйелге марапат беріледі. Форум аясында түрлі мәселелер талқыланады. Мысалы, кәсіпкерліктен бөлек, ауылдағы жағдайды қаламен салыстыруға  болмайды. Инфрақұрлым, білім деңгейі, ақпараттың баяу жеткізілуі сияқты мәселелер бойынша пікірталас ұйымдастырылады. Форум қорытындысы бойынша қарар қабылданады», - деді спикер.