Биылғы форумға Орталық Азия елдері мен жетекші халықаралық ұйымдардың қоғамдық қозғалыстарының қатысушылары мен көшбасшылары қолдау көрсетуде.
«Әйелдер кәсіпкерлігі, гендерлік теңдік мәселелері көтеріледі. Біз өз кезегінде «Әлеуметтік динамика» және «G-Global жасыл экономика және даму коалициясы» қоғамдық ұйымдарын таныстырамыз. Бұл жобаларға білім беру платформалары негіз болды, олар арқылы әйелдер ауылдағы бизнес пен егіншілік негіздері бойынша дағдыларды игере алады. Екі бағыт та қатысушыларымыздың экономикалық әл-ауқатын арттырып қана қоймай, оларды гендерлік жағынан жүзеге асырады, адамның өзіне деген сенімңм арттырады. 10 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Coca-Cola белестері» жобасы кез келген салауатты қоғам үшін пайдалы жоба болып табылады, өйткені ол экономикалық мәселелер мен гендерлік теңдікті шешеді, жобаның оң нәтижелері бар. Ертең Қазақстанда үздік бизнес идеялар байқауының 20 жеңімпазының есімі жария етілетінін қуана хабарлаймыз. Олар 2000-4000 доллар көлемінде грант алады. Бұл ауыл шаруашылығы, сондай-ақ азық-түлік және азық-түлік емес тұтыну тауарларын өндіру саласындағы жобалар», - деп атап өтті спикер.
Оның айтуынша, 10 жыл ішінде жоба аясында 60 мың әйел оқытылды. Пандемия болған жылдарыа олар онлайн платформаларда білім алды. Соңғы үш жылда 15 мыңнан астам әйел оқыды. Бұл көрсеткіш жоба басталған жылмен салыстырғанда 10 есеге артық.
«Үздік бизнес идея байқауына төрт есе көп өтінім берілді. Біз бұған өте қуаныштымыз және бұл әйелдердің білім мен әлеуметтік бағдарламаларға деген сұранысы өте жоғары екенін көрсетеді. Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, ауылдағы әйелдердің 30%-ы өз бизнесі, өз кәсіпорны болғанын қалайды. Бұл зор әлеует. Мемлекет тарапынан да, біздің тарапымыздан да үлкен күш-жігер жұмсалуда. Біз шалғай ауылдарға барып, «Біздің әйелдердің мүмкіндіктері қандай?» деген сұраққа жауап береміз. Жалпы, Ауыл әйелдері форумы экономикалық мүмкіндіктер мен әйелдердің құқықтарын арттырады. Біз бұған өте қуаныштымыз және осы бағытта қозғаламыз. Әйелдерді біздің алаңда, тренингтер мен бағдарламаларда күтеміз», - деді спикер.