Заң жобасы Бюджет кодексінің жаңа талаптарын ескере отырып әзірленді.
«Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген трансферттің көлемі жаңа бюджеттік қағидаға сәйкес мұнайға кесімді бағаны ескере отырып айқындалды және болжам бойынша мұнай секторы ұйымдарынан Ұлттық қорға түсетін тікелей салықтардың көлемінен аспайтын болады», - деді ҰЭМ басшысы.
Мұнайдың кесімді бағасы баррелліне 2023 жылы $48,9, 2024-2025 жылдары $42,2 – $40,3 деңгейінде белгіленді.
Осыны ескере отырып, республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2023 жылы 2,2 трлн теңге, одан әрі 2024 жылы 2 трлн теңге және 2025 жылы 1,9 трлн теңге көлемінде айқындалды.
Жоспарлы кезеңде қағидаларды қолдану Ұлттық қордың валюталық активтерін 2023 ж. $66,7 млрд-қа дейін қалпына келтіруге, одан әрі 2024–2025 жж. $78,8–$93,2 млрд-қа дейін арттыруға ықпал етеді.
ҚР ҰЭМ болжамы бойынша, Ұлттық қордан тартылатын кепілдендірілген трансферттің көлеміне және орта мерзімді кезеңде шығыстардың өсу қарқынына жоғарғы шекті белгілеу фискалдық тәртіпті арттыруға және Ұлттық қордың жинақтау функциясын күшейтуге мүмкіндік береді.
«Заң жобасын қабылдау Ұлттық қордың тұрақтандыру функциясын іске асыруға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді Ә.Қуантыров.