Аутист баланың анасы Республикалық орталықта оңалту курсын алуға көмек сұрады. Осы өтініш бойынша министр жергілікті деңгейде құжаттаманы жинауды, зерттеп-қараулар жүргізуді және баланы емдеуге жатқызу порталы арқылы ресімдеуге көмектесуді тапсырды.

Ақтоғай ауылының тұрғындары министрге ауылдық амбулаторияны кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін шешуді сұрады. Ажар Ғиният медицина қызметкерлерінің тапшылығын шешу үшін Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын неғұрлым сұранысқа ие медициналық мамандықтар бойынша гранттар санын көбейтетінін, өз кезегінде облыс әкімдігі өңірде жұмысқа орналасу үшін резиденттерді оқытуға және одан әрі бөлуге тапсырыс бергенін түсіндірді.