Атап айтқанда, қоғам өкілдері мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарды мүгедектігі бар адамдар оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерді және оларды жеткізушілерді өз бетінше таңдай алатын Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көрсетілетін қызметтер мен тауарлардың сапасы алаңдатты.

«Егер көрсетілетін қызметтер мен тауарлардың сапасына қанағаттанбасаңыз, онда сіз Порталда шағым қалдыра аласыз. Егер жеткізуші жіберілген қателіктерді түзетпесе, онда ол Порталдан шығарылатын болады», – деді Тамара Дүйсенова.

Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар мүгедектігі бар адамдарды оңалту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, радиациялық қауіп-қатер аумақтарында тұратын адамдарды әлеуметтік қолдау және т.б. мәселелерді көтерді.