«Бұл – тек Шу алқабында жабайы өсетін қарасора ғана емес. Сондай-ақ, еліміздің орталық және оңтүстік өңірлерінде ұйымдасқан түрде өсіретін каннабис. Айта кетейік, «Үнді қарасорасы» есірткі тұтынушылар арасында кең сұранысқа ие. Есірткі қылмысымен күресу үшін ІІМ жыл сайын 1 маусым-30 қыркүйек аралығында «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізеді», - деді спикер.