«Әуе көліктерімен 20 рет ұшуы кезінде марихуана сақтаудың 2 фактісі, есірткі егудің 19 фактісі анықталды. Жалпы салмағы 5,5 тонна болатын 10 мыңнан астам қарасора бұталары жойылды. Абай облысының Үржар ауданында қаскүнемдер есірткі егуге тырысқан. 105 кг дайын өнім және 2 мыңға жуық өсірілген қарасора бұталары тәркіленді. 13 адамның 8-і бұрын осыған ұқсас қылмыстары үшін сотталған Қызылорда облысының тумалары. Яғни, есірткі сатушылар егіс орындарын ауыстырып отыруға тырысады. «Шу қарасорасының» таралуы да солай. Жамбыл облысында жабайы қарасора жалпы ауданы шамамен 148 мың гектар жерде өсірілген. Жыл сайын алқапта қылмыскерлерді аңду және ұстау бойынша іс-шараларды өткізу үшін жол талғамайтын көліктермен және арнайы техникамен жабдықталған «Дельта алқабының» арнайы жасағының қызметкерлері жұмылдырылады. Бұған қарамастан, елдің басқа аймақтарында «шу» есірткілері табылатын фактілер тіркеледі», - деді полковник.
Мысалы, Маңғыстау облысы мен Астанада ұсталған адамдардан осы қарасора сортының 250 кг тәркіленді. Жүкті логистикалық компания жеткізген. Каннабис тобына жататын есірткіні анықтау фактілері басқа аймақтарда да орын алады. Бірақ олармен күрес жалғасуда.