Биылғы жылдың басынан бері ауыз сумен Павлодар облысының 95 пайыз қалалық және 94 пайыз ауылдық елді мекендері қамтамасыз етілді. Соның ішінде орталықтандырылған су жүйесі 194 ауылға жүргізілді. Сонымен қатар 95 ауылдық елді мекенде су тазартатын кешенді блок-модульдер орналастырылды. Осылайша, өңірдегі 352 ауылдың 289-ы сапалы ауыз суға қолы жетті. Қосымша 63 ауылға осы тақілеттес қондырғылар орнату көзделіп отыр. Оның ішінде 34 елді мекенге орталықтандырылған су жүйелерін жүргізу және 29 ауылға кешенді блок-модульдер орналастыру жоспарланған.

Жалпы алғанда, 2025 жылға дейін облыстағы елді мекендерді 100 пайыз таза сумен қамту көзделген.

Биыл өңірдегі 32 сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелерінің құрылысы мен реконструкциясына республикалық бюджет қаржысы есебінен 14,4 млрд теңге бөлінді. Ал 2023 жылғы жаңа бюджетте осы бағыттағы 28 жобаға 12,2 млрд теңге бөлінбек.

Ал жаңадан салынатын көпір құрылысы жобасы төрт жолақты құрайды. Ұзындығы – 2,7 шақырым. Жобаның жалпы құны – 40,3 млрд теңгеге жуық.

Құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталмақ.

Қосымша қаражат әкімдіктің қажетті құжаттар тізілімі көрсетілген бюджеттік сұранысы негізінде беріледі.