Жылу беру кезеңіндегі күрделі мәселенің бірі – тұрмыстық газды пайдалану. Қолдағы мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын ел аумағында табиғи және сұйытылған газбен уланудың салдарынан 30-дан астам адам қайтыс болады, ал газ баллон жарылған кезде бір топ адамның өліміне әкеліп соғады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков хабарлады.
«Азаматтардың ескірген және жарамдылық мерзімі өтіп кеткен баллондарды пайдалануы - жағдайды қиындатып отыр. Сондай-ақ, тұтынушылардың көпшілігі, әдетте, баллондарын жақын маңдағы жанармай құю бекеттерінде толтырады. Алайда, заңға сәйкес жанармай құю бекеттерінде тұрмыстық баллондарды толтыруға тыйым салынады, бұл газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздік талаптарын бұзу болып табылады», - деді спикер.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!