Жиынды Қорғаныс министрлігінің 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Қарулы күштер Бас штабының Ұлттық қорғанысты басқару орталығы ұйымдастырды.

– Жаңартылған әскери доктринада әлемдегі әскери-саяси ахуалдың күн санап өзгеруі мен оны болжаудың күрделі екендігі де атап өтілді. Мұндай жағдайда жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыруды жетілдіру қажет. Құзіреттілік, жеделдік және келісімділік – жауынгерлік кезекшілік міндеттерінің толық және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге қабілетті айқындаушы факторлар, – деп атап өтті қорғаныс басқармасы Ұлттық орталығының бастығы – ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Фазылолла Бәденов.

Жиын барысында Бас командалық пункттер мен командалық пункттер бастықтарының қызметтерінің жай-күйі және жоспарланған іс-шаралар туралы баяндамалары тыңдалды. Үздік командалық пунктке арналған байқаудың нәтижелері жарияланды.

Жиын қорытындысы бойынша жауынгерлік кезекшілікті атқару мәселелерін одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленіп, 2023 жылға міндеттер қойылды.