Келіссөздердің күн тәртібіне келесі мәселелер кіреді:

- Сириядағы жағдай, оның ішінде гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ахуал;

- саяси процесті кешенді ілгерілету;

- сенім шаралары, оның ішінде кепілге алынғандарды босату және із-түссіз жоғалғандарды іздеу;

- БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2642 қарарына сәйкес Сирияны қайта қалпына келтіру және сириялық босқындарды отанына қайтару үшін жағдай жасау мақсатында халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін жұмылдыру.

Бірінші күні кепілгер елдердің (Иран, Ресей және Түркия) екіжақты және үшжақты консультациялары, Сирия Араб Республикасының Үкіметі мен қарулы сириялық оппозиция арасындағы келіссөздер, байқаушы тараптардың делегацияларымен кездесулер (Иордания, Ирак, Ливан, сондай-ақ Сирия бойынша БҰҰ Бас хатшысының Арнайы уәкілі Гейр Педерсеннің офисі және БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссарының басқармасы) өтеді.

Екінші күні консультацияларды жалғастыру, жалпы отырыс және баспасөз конференциясы жоспарлануда.

Бұдан басқа келіссөздер шеңберінде кепілгер елдердің, БҰҰ және Халықаралық қызыл крест комитетінің қатысуымен мәжбүрлеп ұсталып отырған тұлғалар бойынша Жұмыс тобының отырысы күтілуде.