Жиынға Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері қатысты.
Жауапты мамандар борышкердің қайталап жүгінуіне қатысты бірқатар мәселені, оның ішінде: банкроттық туралы өтінішпен, мүлікті шектеулерден босату тәртібін оңайлату, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде қолданылатын субсидиялаудың сараланған түпкілікті мөлшерлемесін белгілеу, сондай-ақ банк секторын салықтық ынталандыруға қатысты мәселені талықылады.
Жиынды қорытындылай келе, Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдарға экономиканың нақты секторын несиелендіруге екінші деңгейлі банктерді тарту шараларын пысықтау үшін бірқатар тиісті тапсырма берді.