Меморандумдарға қол қою баға белгілеудегі маңызды кезең болып   табылады, заңнамада белгіленген 15% мөлшеріндегі сауда үстемесі меморандум шеңберінде 10%-ға дейін төмендейді. Бұл тұрғындарға меморандумдар жасасқан Қазақстанның ірі сауда желілерінен сауда маркасы төмендетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сатып алуға мүмкіндік береді.

Меморандумдарға «Магнум», «Small», «Анвар», «Астықжан», «Вкусмарт», «ФерМаг», «Ақмол» сынды ірі сауда желілері қол қойды.

ҚР СИМ Сауда комитетінде негізгі азық-түлік тауарлары бағасының өсу динамикасының деректерін талдаудың ашықтығын арттыру үшін қоғамдық бақылау жұмыс істейді: тұрғындардың ӘМАТ тізбесіне кіретін өнімдерге жоғары бағаға өтініштерін қабылдау үшін call-орталық қызмет етеді.